Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Қарағандыда асыл тастарды заңсыз өндірген қылмыстық топ ұсталды

AstanaTV
18.10.2022ж. 20:00
1213
Қарағандыда асыл тастарды заңсыз өндірген қылмыстық топ ұсталды

Ал Қарағанды облысында асыл тас өндіріп келген заңсыз карьер анықталып, жарты тоннадан астам аметист, ақықтың түр-түрі тәркіленді. Құнды қазбаның бір келісі 500 доллардан сатылған. Қаладан 130 шақырым жерде байлықтың көкесі жатқанын ешкім білмеген. Қылмыстық топ жер байлығын заңсыз өткізіп жүріпті. Күдікті 7 адам арнайы операция кезінде ұсталды.

Қап-қап ақық пен аметист, верециттер қала сыртындағы иесіз карьерде далада өндірілген. Қарағанды және Павлодар облыстарының 4 тұрғыны асыл тастарды сатып алу үшін мәміле жасау кезінде қолға түсті. Күдіктілердің тұрғылықты жерлері мен Қарағандыдағы кеңсесінен жарты тоннадан астам асыл тастан басқа 27 мың АҚШ доллары, 3 жарым млн Ресей рубльы, 600 мың теңге, сондай-ақ тастарды өңдеуге арналған жабдық және атыс қаруының оқ- дәрілері тәркіленген. Сондай-ақ, олардың 3 көмекшісі қолға түсті.

Бақытжан ҚҰДИЯРОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

«Олар асыл тастарды қылмыстық жолмен Павлодар және Қарағанды облыстарының аумағында далалық жерлерде өндіргені анықталды. Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 334 бабы, 3-інші тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл қылмыстық істің негізінде күдіктілерге 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген».

А. Қуаш