Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Жамбыл облысында 5 адамнан құралған қылмыстық топ есірткі сатуды кәсіпке айналдырған

AstanaTV
18.10.2022ж. 20:00
1063
Жамбыл облысында 5 адамнан құралған қылмыстық топ есірткі сатуды кәсіпке айналдырған

Жамбыл облысында есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. 5 адамнан құралған топ мұздай қаруланған. Олар мамыр айынан бері ірі көлемде есірткі дайындаумен, тасымалдаумен және еліміздің басқа өңірлеріне өткізумен айналысып келген. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұйымдасқан қылмыстық топтың барлық мүшелерін Шу ауданында арнайы жасақ бір мезетте ұстаған. 100 келiден астам марихуана және гашиштің ірі партиясы тәркіленді. Сондай-ақ, күдіктілерден "Ақсу" автоматы мен 30-дан астам патрон алынды.

Нұржан РАХМЕТУЛЛАЕВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Аталған ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелеріне қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабы, 296-бабы және 287-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі уақытта ұсталғандардың барлығы ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ, полицейлер облыс орталығынан қару-жарақ қоймасын анықтады. Ол жерден "Калашников" маркалы автоматы, "ТОЗ-63" қос ұңғылы аңшылық мылтығы, "ИЖ-58" 16 калибрлі мылтық және 90-нан астам патронның кесіндісі шыққан. Барлығы сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді. Жалпы Жамбыл облысында жыл басынан бері заңсыз айналымнан 605 атыс қаруы тәркіленген. Оның 376-сы ішкі істер органдарынан ұрланған.

Б. Жұмабай