Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Қызылордада Республика күніне орай 1 мыңға жуық шара өткізіледі

AstanaTV
18.10.2022ж. 20:00
1645
Қызылордада Республика күніне орай 1 мыңға жуық шара өткізіледі

Қызылордада Республика күніне орай мыңға жуық шара өтеді. Ақындар айтысы, концерттік бағдарламалар және түрлі акциялар ұйымдастырылады. 17 қазаннан бастау алған жиындар ай соңында қорытындылады.

Биыл алғаш рет тойланғалы отырған мереке қызылордалықтар үшін жағымды жаңалықпен толықпақ. Көптің сынына ұшырап жүрген автобус паркі жаңа қоғамдық көліктермен толығады. Оған қоса, демеушілер есебінен салынып жатқан 80 ойын алаңының 70-ке жуығы пайдалануға беріліп, бүлдіршіндерді қуантпақ. Сонымен қатар, бірнеше әлеуметтік нысан ашылады.

Нұрымбет САҚТАҒАНОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Мереке қарсаңында Қызылорда қаласында 300 орындық жеке балабақша, Жаңақорған ауданының орталығында демалыс паркі, Жалағаш ауданында 200 орындық оқушылар үйі мен 50 орындық өнер мектебі және Таң ауылында дәрігерлік амбулатория, Арал аудынының Қамыстыбас елді мекенінде денешынықтыру сауықтыру кешені ашылады.

Мыңға жуық іс-шара аясында ақындар айтысы, экологиялық акциялар, ғылыми-танымдық конференциялар өткізіледі. Ұйымдастырушылар жобаның үлкен-кішіні елітіп әкететініне сенімді. Бір-бірін қайталамайтын шаралардың жастар тәрбиесі үшін де маңызы зор дейді.

Артур ҚАМБАРОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

5 бағыт бойынша, мәдени шаралар, акциялар, бұқараға қоғамды тарту челендждер өткізу, ақпараттық шаралар ұйымдасьтыру. Осындай 5 бағытымыздың негізігі басысдық 108 шараның ішінде қамтылған. Табиғатқа деген жанашылықты оятып, патриоттыққа тәрбиелеу жастарды, елжандылыққа тәрбиелеу.

Бірнеше күнге созылатын мерекелік бағдарламаларға демеушілер қолдау білдіреді, дейді жауаптылар.

М. Тоқтасынқызы