Президент сайлауына небәрі бір ай қалды. Қазақстандықтар сайлауға дайын ба? Бұл сауалға "Қоғамдық пікірді" зерттеу институты әлеуметтік сауалнама арқылы жауап іздеді. Қазақстандықтардың 73 проценті президент сайлауына баруға дайын. Ал 9 пайызы дауыс беру науқанына қатыспайтынын айтқан. 1 процент тұрғын үшін бұл сұраққа жауап беру қиынға соқты. Сондай-ақ, азаматтардың 76 пайызы алдағы сайлаудың әділ өтетініне сенімді.
САУАЛНАМА НӘТИЖЕСІ:
73,1% - САЙЛАУҒА ҚАТЫСАДЫ
9,7% - САЙЛАУҒА ҚАТЫСПАЙДЫ
1,3% - ЖАУАП БЕРУГЕ ҚИНАЛДЫ
А. Задабек