Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Қарақат Әбден Президент сайлауына кандидат куәлігін алды

AstanaTV
19.10.2022ж. 20:00
1003
Қарақат Әбден Президент сайлауына кандидат куәлігін алды

20 қарашада кезектен тыс өтетін Президент сайлауына, төртінші кандидат болып Қарақат Әбден ресми тіркелді. Орталық сайлау комиссиясы үміткер талаптарға сай келетінін жария етті. Қарақат Әбденді «Кәсіби әлеуметтік жұмыскерлер ұлттық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынған болатын. Ол 15 өңірден 121 мың 314 азаматтың қолын жинаған. Осының негізінде оған кандидат куәлігі табысталды. 10-шы қазан күні Қарақат Әбден мемлекеттік тілді білу деңгейі бойынша емтиханды сәтті тапсырып шықты. Айта кетейік, Президент сайлауына ресми тіркелген кандидаттар саны төртке жетті. Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев, Мейрам Қажыкен, Жигули Дайрабаевқа да кандидат куәлігі берілген болатын.

А. Серік