Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Алматыда жолаушыларды заңсыз тасымалдаған шетелдік азамат ұсталды

AstanaTV
19.10.2022ж. 20:00
1312
Алматыда жолаушыларды заңсыз тасымалдаған шетелдік азамат ұсталды

Алматыда жолаушыларды заңсыз тасымалдаған шетелдік азамат ұсталды. Оны Түрксіб аудандық көші-қон қызметінің қызметкерлері анықтаған. 1995 жылғы Өзбекстан Республикасының азаматы танымал ресурсқа тіркеліп, жолаушылар тасымалымен айналысқан. Заңға қарсы әрекет еткен шетелдікке қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Іс материалдары сотқа жіберілді.

Қуаныш ЖАМАНҒАРАЕВ, АЛМАТЫ қ.ТҮРКСІБ АУДАНДЫҚ КӨШІ-ҚОН ҚЫЗМЕТІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

Шетелдікке қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Сондай-ақ, жұмыс берушіге де қатысты әкімшілік шаралар қолданылды.

Соңғы 8 күнде Алматы бойынша көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 1 мың 229 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен 70 шетелдік ел аумағынан шығарылды. Шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзғаны үшін 33 жұмыс берушіге айыппұл салынған.

М. Жақан