Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Мемлекеттік туды көпқабатты үйдің балконына ілуге рұқсат па?

AstanaTV
19.10.2022ж. 20:00
1589
Мемлекеттік туды көпқабатты үйдің балконына ілуге рұқсат па?

Республика күніне құрмет ретінде мемлекеттік рәмізіміздің бірі - туды балконға ілуді челленджге айналдыру керек. Әлеуметтік желі қолданушысы Жандос Құрманбаев осындай бастама көтерді. Ол рәміздер заңына қайшы болмайтындай, туды қалай ілу керек екенін видеоға түсіріп желіде жариялады. Автор 2015-ші жылы балконына ту ілгені үшін кінәлі саналып, оған ірі көлемде айыппұл салынған. Бірақ қоғамда бұл оқиға қызу талқыға түсіп, жағдай оң шешімін тапқан еді. Бүгінде ол мемлекеттік туды ілу заң жүзінде рұқсат етілгенін айтып, оны қалай ілу керектігін жас ұрпаққа дәріптеп жүр.

Ә. Дүкембаева