$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Шымкенттіктер ұлттық мерекені бірнеше күн қатарынан тойламақ

AstanaTV
20.10.2022ж. 20:00
1180
Шымкенттіктер ұлттық мерекені бірнеше күн қатарынан тойламақ

Республика күнін жоғары деңгейде атап өтуге бүкіл халық жұмыла атсалысуы керек. Өйткені бұл күннің еліміз үшін маңызы зор. Тарих ғылымдарының кандидаты Гүлжан Сүгірбаева осылай дейді. Мұны жастар да қолдап отыр.

Еліміздің егемендік туралы декларациясы қабылданған жыл Гүлжан Сүгірбаеваның күні кешегідей көз алдында. Сол кезде жоғары оқу орнын жаңа ғана тәмамдаған жас маман ол тарихи сәтті ерекше еске алады. Декларацияда Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі жарияланып, елдің саяси-құқықтық тәуелсіздігінің бағдарламасы баяндалды. Сондықтан бұл атаулы датаның маңызы зор дейді.

Гүлжан СҮГІРБАЕВА, ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ:

Тарихта бір мезгілде бір оқиғалар тарихтан өшіріледі, бір кезде олар қайтадан аренаға шығады. Мен өзім тарихшы ретінде қуанам, республика күніне қайта оралған. Посткеңестік қоғамда біздің республика құруымыз сол кезде үлкен бір тартылыс берді. Үлкен бір тарихи оқиға болды. Сол тарихи оқиғаның қайта оралуы, сол күні атауы әрине бүкіл қазақстандықтарды қуантады деп ойлаймын.

Айтулы күннің ұлттық мерекелер қатарына қайта қосылуын шымкенттік жастар да қуана қабылдады. Олар тарихи күнді болашақ ұрпаққа дәріптеуіміз керек деп санайды.

Республика күні елімізде биыл кең көлемде аталып өтіледі. Шымкентте де біраз маңызды шаралар жоспарланған.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

25 қазанда Тәуелсіздік саябағында мемлекеттік ту көтеру рәсімі болады. Сондай-ақ осы күні ту ілген 40 автокөлік және 20 велошабандоз қала көшелерімен жүріп өтеді. Көпшілік орындарда түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады.

А. Төребекқызы