$481.84 €531.33 ₽5.07
×

Декларация - Тәуелсіздіктің бастауы

AstanaTV
20.10.2022ж. 20:00
1583
Декларация - Тәуелсіздіктің бастауы

«25 қазан – Тәуелсіздіктің бастауы». Астанада осы атаумен халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясының елордалық филиалы ұйымдастырған жиынға зиялы қауым өкілдері келді. Ұлттық мереке мәртебесін алған айтулы күннің көпшілік біле бермейтін тұстары айтылды.

1990 жылғы 25 қазанда Жоғарғы Кеңес «Қазақ КСР Мемлекеттік Егемендігі туралы» Декларация қабылдады. Бұл - Қазақстан сынды өзге де мемлекеттердің егемендік алуына себеп болған қоғамдық-саяси құжат. Мамандар «декларацияның заңды күші болмағанымен, үлкен өзгеріске түрткі болғаны рас»,- дейді.

Тілеген САДЫҚОВ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР:

Ғасырға жуық Кеңестер одағының құрамында болған, елдің өзінің идеясын айтып, мен жеке мемлекет болам, егемендікке менің толық құқығым бар деп айтуына негіз болған алғашқы құжат болды. Бұл қажаттың арқасында. Халық, этно құраушы қазақ өзінің еркіндігін сезінді. Жеке мемлекет құруға мүмкіндігі барын сезе бастады. Соның бәрі қоғамдық санаға, адамның ой өрісіне бағыт берді деп айтуға болады.

Республика күні 2001 жылдан бастап ұлттық мерекелер тізімінде болған. Бірақ 2009 жылы ол тізімнен алынған. Араға үзіліс салып, Президент Республика күнін қайта жаңғыртты. Бұл күн саяси, ұлттық, тәрбиелік тұрғыдан ел үшін маңызды дейді жиынға қатысқандар.

Дәурен БАБАМҰРАТОВ, АСТАНА ҚАЛАСЫ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Жалпы осындай идеологиялық іс-шаралардың мақсаты мен міндеті, бұл елді ұйыстыру, ынтымақтастығын арттыру, бейбітшілігін күшейту, ішкі бірлігін нығайту.

Конференцияда Түркия, Беларусь мемлекеттерінің ғалымдары зум арқылы баяндама оқып, Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері мен тұрақтылықты сақтауға бағытталған жұмыстары талқыланды.

Р. Бақытжанқызы