Тоғызқұмалақ федерациясы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының құрамына кірді. Бүгін екіжақты әріптестік туралы меморандумға қол қойылды. Ұйым басшылары "бұл - ұлттық спорттағы үлкен өзгерістің басы" - деді. Олар спортты дамыту мақсатындағы жұмыстарды нақтылап, алдағы жоспарлармен бөлісті. Сондай-ақ, келер айда тоғызқұмалақтан өтетін алтыншы әлем чемпионатына дайындықты пысықтады.
Исламбек САЛЖАНОВ, ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
Бірігіп, алтыншы чемпионатты тоғызқұмалақтан Ақтөбеде қарашада өткізуді жоспарлап жатырмыз. әрине, білесіздер, ұлттық спортты дамыту ол - қазақтың рухын дамытамыз деп өзім ойламын. Сондықтан ұлтжанды жастарды дайындаймыз. Үлкен жоспарлар бар.
А. Задабек