Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

«Менің елім – менің туым» акциясы басталды

AstanaTV
20.10.2022ж. 15:00
1748
«Менің елім – менің туым» акциясы басталды

Бүгін еліміздің барлық өңірлерінде «Менің елім – менің туым» акциясы басталды. Республика күні қарсаңында қолға алынған бастамаға «Жастар рухы» ұйытқы болды. Олар мемлекеттік рәмізіміз - Туды үйге ілуге шақырған челленджді бастады. Бастамаға мыңнан астам ерікті қатысып, олар ел бойынша 5 мыңнан астам туды ілуге жәрдемдесті. Осы акция арқылы қазақстандықтардың патриоттық рухын көтеруді мақсат еттік дейді ұйымдастырушылар.

Нұржан ЖЕТПІСБАЕВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ "ЖАСТАР РУХЫ" ЖҚ ТӨРАҒАСЫ:

Біздің мемлекеттік символдарымыз нышандарымызды жастардың арасында дәріптеу сол арқылы мемлекеттік, ұлттық мерекенің маңызын жеткізу осы акцияның негнізі мақсаты. Адамдардың туларды өздерін орналастырып жатқаны меніңше өздерінің Отанына деген, еліне Қазақстан жеріне деген махаббатын білдіреді деп есептеймін.