Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Өскемендегі альпинист өлімінің себебін арнайы комиссия анықтайды

AstanaTV
26.07.2016ж. 20:00
2564
Өскемендегі альпинист өлімінің себебін арнайы комиссия анықтайды

Өскеменде жаттығу кезінде қаза тапқан кәсіби альпинист өлімінің себебін арнайы комиссия анықтайды. Оның қорытындылары он күннен кейін жарияланбақ. Бұл туралы біздің арнамызға өңірдің еңбек инспекциясы басқармасының мамандары мәлімдеді.

Алмас Мұсақанов Төтенше жағдайлар қызметінде 2007 жылдан бері жұмыс істеп келген. Тауға өрмелеуден үшінші спорттық дәрежесі бар азамат біраз жылдар құтқарушы-инструктор міндетін атқарыпты. Қайғылы оқиға 21 маусымда болды. Жаттығу кезінде шатқалдан тайып кеткен азамат алған жарақаттардан көз жұмды.

Қайрат Әбілқайыров,  ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқарма жетекшісінің орынбасары:

Қазір арнайы комиссия құрылып, тергеу жүріп жатыр. Оның қорытындылары бойынша қайғылы оқиға фактісі туралы материал жинақталып, құқық қорғау органдарының соңғы шешім қабылдауына жіберіледі. 

Азамат АЛДОҢҒАРОВ