Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Солтүстік Қазақстанда алимент төлеуден жалтарған 68 ата-ана уақытша қамауға алынды

AstanaTV
21.10.2022ж. 20:00
1177
Солтүстік Қазақстанда алимент төлеуден жалтарған 68 ата-ана уақытша қамауға алынды

Солтүстік Қазақстанда алимент төлеуден жалтарған 68 адам уақытша қамауға алынды. Бұл-мәселені шешудің бір жолы дейді жауаптылар. Себебі, өңірде 126 ата-ана алимент төлемей жүр. Олардың жалпы берешегі 200 миллион теңгеге жуықтайды. Құқық қорғау органдары қарызды өндірудің оңтайлы жолдарын қарастыруда. Сот орындаушылар сылбырлық танытып отыр дейді прокурорлар. Сол үшін оларға сөгіс те беріліпті.

Әбу-Әли САТТАР, СҚО ПРОКУРОРЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Алимент төлеушілердің саны 6986 адам. Оның ішінде 126-сы қасақана алимент төлемейтін азаматтар. Полиция мен сот орындаушыларының арасында әрекеттесу болмағандықтан біз қылмыстық істерді тергеу бойынша әдістемені дайындадық. Сол әдістемені біз полицияға және сот орындаушыларына жібереміз.

А. Құрманкин