Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Қ.Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штаб үгіт-насихат науқанын бастады

AstanaTV
21.10.2022ж. 20:00
2866
Қ.Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штаб үгіт-насихат науқанын бастады

Кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штаб өкілдері қауырт жұмысқа кірісті.

Оған 3 парламенттік саяси партиядан және 22 республикалық қоғамдық ұйымнан тұратын Халықтық коалицияның өкілдері кірді. Қазір олар еліміздің барлық өңірінде үгіт-насихат баспа өнімдерін тарату және ақпараттық материалдарды БАҚ пен әлеуметтік желілерге жариялауды бастады. Айта кетейік, ертең Республикалық қоғамдық штабтың алғашқы отырысы өтеді. Сондай-ақ, штаб мүшелері келесі апта да сайлаушылармен кездесу үшін аймақтарға барады.

Дәулет КӘРІБЕК, ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫ ҚОЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ШТАБТЫҢ ӨКІЛІ:

Бүгіннен бастап Қазақстан республикасының президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабы өз жұмысын бастады. Сайлау заңына сәйкес біз 18:00-ден бастап, еліміздің барлық аймақтарында 7 мыңнан астам штаб мүшелері, біздің сенімді өкілдеріміз, коалиция мүшелері үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, осы біздің плакаттарды заңмен белгіленген орындарға ілуді бастады.

Б. Сатуов