Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Байқоңырлық тұрғындардың мерейі артқан күн

AstanaTV
21.10.2022ж. 20:00
1776
Байқоңырлық тұрғындардың мерейі артқан күн

Ұлттық мереке ұлықталған күн. Республика күні қарсаңында Астана қаласы Байқоңыр ауданының сала үздіктері марапатталды. Мерейі артқан таңдаулылар қатарында мұғалімдер мен абаттандыру қызметінің мамандары да бар.

Елдік қасиетіміз бен құндылықтарымызды ұлықтаған ұлттық мереке ұлықтау, елордада басталып кетті. Араға 13 жыл салып, қайта жаңғырған Республика күнінің мәні мен маңызы зор дейді салтанатты жиынға қатысқандар.

Сансызбай ЕСІЛОВ, АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Әр қазаққа, әр қазақстандыққа қазан айының 25 жұлдызы бұл ерекше күн болуға тиісті. Өйткені, осыдан 32 жыл бұрын, менің есімде бар Одақ тарамай тұрып, Егемендігімізді жарияламай тұрып, бірінші осы мемлекеттігімізді жариялағанбыз. Қазақстан Республикасы деп.

Ерлан ҚАНАЛИМОВ АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ХАТШЫСЫ:

Егемендік туралы деларация бұл Тәуелсіздіктің негізі деп айтуға болады. Өйткені, 1990 жылы қабылданған декларация біздің тәуелсіз ел болуға негіз болды. Сол Тәуелсіздіктің арқасында Астана қаласы дамып жатыр. Астана қаласы өзімен өзі көркейіп кеткен жоқ. Оның басты қазынасы қаланың тұрғындары. Сіздердің күнделікті еңбектеріңіздің арқасында.

«Байқоңыр» ауданы әкімдігі ұйымдастырған мерекелік-концерттік шарада әр салада жан аямай еңбек еткен үздік қызметкерлер марапатталды.

Дәнекер ҚАСЫМОВА, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Байқоңыр ауданында өндіріс кентінде белсенді тұрғыны болғаным үшін. Халқыма, еліме, жағдайларын шешкенім үшін әкім көріп, мені марапаттап жатыр. Мереке құтты болсын.

Айта кетейік, биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай отырысында Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынған болатын.

Р. Бақытжанқызы