Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы штаб отырысын өткізді

AstanaTV
21.10.2022ж. 20:00
2189
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы штаб отырысын өткізді

Президенттікке үміткер Нұрлан Әуесбаевтың штабы да, үгіт-насихат жұмыстарын бастап кетті.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиядан президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаевтың сайлауалды штабын ашу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің жиыны өтті. Онда партияның Саяси кеңесінің мүшелері мен қоғам белсенділері қатысты. Жиынға қатысушылар жетекшілікке бірауыздан партия төрағасы Асхат Рахымжановты сайланды. Сондай-ақ, отырыста кандидаттың сайлауалды бағдарламасы әзірленді. Нұрлан Әуесбаевтың айтуынша, үгіт-насихат жұмыстарымен барлық аймаққа, шалғайдағы ауылдарға бару жоспарланған. Кандидат ертең Қарағанды облысы Шахтинск қаласына жолға шығады. Жалпы, сайлауалды бағдарламасы бойынша 50-ден астам іс-шара өткізу жоспарланған.

Нұрлан ӘУЕСБАЕВ, ПРЕЗИДЕНТІККЕ КАНДИДАТ:

Президенттік сайлауға түсу науқанын біз кеңірек халыққа түсіндіру арқылы, біздің партияның негізгі мақсатын, мүддесін, бағдарламасын толық жеткізу халыққа. Сол бағдарламаны жілік-жілікке шығып, қазір айтатын болсақ, ол түсінікті болса халыққа біздің айтып отырған мәселеміздің бәрі жүзеге асу. Сондықтан, біз мынау сайлауалды науқанды өте тиімді пайдаланып, халыққа бүкіл бағдарламамызды, ойымызды толық жеткізу.

Ә. Дүкембаева