Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Салтанат Тұрсынбекова штабында ұйымдастыру комитетінің мәжілісі өтті

AstanaTV
21.10.2022ж. 20:00
2097
Салтанат Тұрсынбекова штабында ұйымдастыру комитетінің мәжілісі өтті

Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекованың штабында ұйымдастыру комитетінің мәжілісі өтті.

Жиында қатысушылар үгіт-насихат кезеңінің жоспарларын бекітіп, алда болатын іс-шараларды талқылады. Жоспар бойынша кандидат ірі кәсіпорындар ұжымымен, көпбалалы аналармен, орман және жануарларды қорғаушылармен, дағдарыс орталығында көмек алып жатқан отандастарымызбен кездеседі. Салтанат Тұрсынбекова кезектен тыс президенттік сайлауға "Қазақ аналары - дәстүрге жол" республикалық қоғамдық бірлестігінің атынан қатысады.

САЛТАНАТ ТҰРСЫНБЕКОВА, ПРЕЗИДЕНТТІККЕ КАНДИДАТ:

Қызметкерлердің заңда көрсетілген, тіркелген санына қарап біз, қай бағыттар бойынша жұмыстар өткізуіміз керек, солармен қызметкерлер жұмысты бастап кетті. Ешқандай кедергі жоқ. Бәрі жақсы көңіл күйде. Жұмысқа дайын. Жоспар бойынша мен барлық 20 өңірге барып, қайтсам деген ойым бар. Бірақ реалист болу керек.

А. Серік