$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Алматы облысы Қарқара ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды

AstanaTV
26.10.2022ж. 20:00
3072
Алматы облысы Қарқара ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды

Алматы облысы Кеген ауданында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды. Енді Қарқара ауылының халқы елдімекеннен аспай-ақ ем алуға мүмкіндік алды. Емхананың құрылысы мен жабдықталуына 197 млн теңге көлемінде қаржы жұмсалған.

2600-ге жуық халық тұратын ауылдағы жалғыз емхана соңғы үлгідегі технологиялармен жабдықталған. Мұнда тұрғындар күндізгі стационарда ем алады, тегін дәрі-дәрмекпен қамтылады. Көптен күткен емхананың ашылғанына ауыл халқы мен ақ халатты абзал жандар қуанышты.

Айзада МҰХАМЕТЖАНОВА, АҒА МЕЙІРБИКЕ:

Бізде бұрын ескі амбулатория болды. Бүгін міне жаңадан амбулатория ашылып жатыр. Өте қуаныштымыз. Әрбір кабинет жарық, талапқа сай болып жатыр. Компьютерлермен жабдықталған, медициналық құралдары жаңа. Көп рақмет!

7 дәрігер маман қызмет ететін фельдшерлік-акушерлік пункт тәулігіне 30 науқасты қабылдауға қауқарлы. Сондай-ақ «дәрігерлердің білімін жетілдіру үшін мүмкіндіктер қарастырылған»,- дейді билік өкілдері.

Кеңес ҚАБЫЛБЕКОВ, КЕГЕН АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Осы ауыл тұрғындарының ұсыныс, пікіріне сәйкес жоспарлаған болатынбыз. Былтыр 2021 жылдың қараша айында басталған құрылыс. Биыл 1 жылдың көлемінде құрылыс аяқталды. Осында істейтін қызметкерлерге толық мүмкіндіктер қарастырылған.

Әкімдіктегілер ауданда мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатынын жеткізді. Бүгінде Ақай Нүсіпбеков, Бөлексаз, Жалаулы, Тұйық ауылдарында медициналық мекемелер бой көтеріп жатыр. Жыл соңына дейін бұл емханалар қолданысқа беріледі. Сондай-ақ аудандағы бірқатар медициналық мекемелерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмек.

М. Жақан