Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Елордада ашық аспан астында концерт өтті

AstanaTV
26.10.2022ж. 20:00
952
Елордада ашық аспан астында концерт өтті

Астанада ашық аспан астында «Қазақстаным менің» атты ауқымды концерт өтті. Мерекелік шара Республика күніне арнайы ұйымдастырылған. Концертте 30-ға жуық әнші өнер көрсетіп, көрермен қошеметіне бөленді.

Ауа-райының суығына қарамастан жиналған дүйім жұрттың көңіл күйі керемет. Бала да, қария да концерт көруге келген. Мерекелі бағдарламаны «ММ» Өнер-білім орталығы мен Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияның әртістері ашты.

Мөлдір МҰҚАНОВА, «ММ» ӨНЕР-БІЛІМ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Бұл мереке тек қана ересектерге емес, сонымен қатар, мінекей, балалар да үлкен сезім, үлкен әсер алуда. Балалар құттықтаймыз ба? Иәә! 25 қазан Республика күні құтты болсын!

EXPO алаңында өткен шараға халық көп жиналды. Ал кештің басты хэдлайнерлері "МузАРТ" тобы, Qanay, Маржан Арапбаева, Yenlik пен Ұлықпан Жолдасов болды.

Арайлым РАҚЫМҚЫЗЫ, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ:

Біздің болашағымыз осы біздің Қазақ елі өзіміздің бүкіл ұлттық салт-дәстүрлерімізді көтеріп, еңселі мәңгілік Қазақ елі болады деген ойдамын.

Концерт әдемі отшашумен аяқталды. Мерейлі датаға орай елордада 200-ден астам іс-шара ұйымдастырылған.

А. Серік