$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Елордада танымал режиссер Әзірбайжан Мәмбетовтың мерейтойы аясында халықаралық фестиваль өтуде

AstanaTV
26.10.2022ж. 20:00
1700
Елордада танымал режиссер Әзірбайжан Мәмбетовтың мерейтойы аясында халықаралық фестиваль өтуде

Фестиваль салтанатты түрде ашылды. Өнер ұжымдары бір апта бойы астаналықтарға өз қойылымдарын ұсынады.

Фестивальдің ашылу салтанатына өнер майталмандары мен алыс-жақыннан келген театр ұжымдары қатысты. Онда қала әкімі Алтай Көлгінов сөз сөйлеп, өнер саласының мамандарына шығармашылық табыс тіледі.

Алтай КӨЛГІНОВ, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Мынау бүгінгі өнер саласындағы үлкен мерекелі тарихи жағдай баршамызға құтты болсын.Тұғырлы мерекеміз "Республика күні" баршамызға құтты болсын. Елдің бірлігіне, елдің дамуына осы мәдениет саласына, өнер саласына сіздер аянбай еңбек етіп келе жатсыздар. Себебі мемлекеттің дамуы мәдениеттің дамуымен тікелей байланысты.

Танымал режиссер Әзербайжан Мәмбетовтың туғанына биыл- 90 жыл. Мәдениет майталмандары танымал тұлғаның еңбегі орасан екенін айтады."Ол театр саласына қазақтың болмысын сіңіре білді"-дейді көзін көргендер.

Жұманбай ЖҰЛДЫЗБЕК, "АЛАТАУ" ДӘСТҮРЛІ ӨНЕР ТЕАТРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ:

Бұл кісі қазақтың жасалып кеткен өнерін сахнаға шығара білді. Сахнаға көркемдей білді. Сол үшін бұл Мәмбетов болды. Сол үшін Әзербайжан болды.Сол үшін режиссер болды.

Шара 30 қазанға дейін жалғасады. Бұл аралықта жан-жақтан келген театр ұжымдары көрермендерге озық спектакльдерін ұсынады.

Ұлан ҚАРЫПБАЕВ, Ә.МӘМБЕТОВ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ДРАМА ЖӘНЕ КОМЕДИЯ ТЕАТРЫНЫҢ БАС РЕЖИССЕРІ:

Барлық көрермендерді біз күтеміз. Бізде фестиваль сағат 10-нан бастап 1-ге дейін мастер-кластар өтеді. Сахна тілі бойынша, сахна қозғалысы бойынша, жас режиссерлер керек лаборатория өтетін.

Жүзден жүйріктерді анықтайтын фестиваль Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өтіп жатыр.

Б. Сатуов