Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Қызылжарда жаңа көпқабатты үйге коммуналдық желі жүргізілмеген

AstanaTV
27.10.2022ж. 20:00
1218
Қызылжарда жаңа көпқабатты үйге коммуналдық желі жүргізілмеген

Қызылжарда 9 қабатты жаңа үйге коммуналдық желі жүргізілмеген. Сондықтан көпшілік өз пәтерлеріне қоныстана алмай отыр. Кейбірі уақытша баспана жалдауға мәжбүр екендерін айтады. Ал біреулер пәтерлеріне жөндеу жасаған, енді соған алаңдап отыр.

Валерий ЛЫСЕНКО, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бізге коммуналды желілерді жазда қосамыз деген. Міне қыс таяп қалды. Әлі ертеңімен тойдырып келеді. Қазір аяз түскесін пәтердегі кафель тақташалары құлап, ламинат жарамсыз болып қалады. Қаншама қаржымыз желге ұшады. Оның орнын кім толтырады?

Көпқабатты үй жеке қаражатқа салынған. Енді оған мемлекеттің қаржысына коммуналды желі тарту қолға алыныпты. Жергілікті билік өкілдері жазда басталған жұмыс жақын арада бітеді, деп сендіріп отыр.

Асқар ХАБИБУЛИН, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Инженерлік желілерді мердігер қараша айының соңына дейін өткізуі тиіс. Біз қаржыны толық мөлшерде аудардық. Бірақ желілер қосылған соң тұрғындар бірден бұл үйге кіреді деп айта алмаймын. Себебі олар алдымен мүлік иелері бірлестігін құруы тиіс.

А. Құрманкин