Партиялық емес байқау орталығы сайлауға 20 мыңға жуық байқаушы дайындайды. Оларды оқыту үшін 80 семинар сабақ өткен. Білім алу процесінде байқаушылардың құқықтары мен міндеттері түсіндіріледі. Сайлау учаскелерінде туындаған даулы мәселелерді шешу жолдары көрсетіліп, құқық бұзушылықтарды қалай тіркеу керектігі айтылады. Сондай-ақ байқау орталығы енді тек дауыс беруді емес, үгіт-насихат кезеңін де бақылауды көздеп отыр. Осы арқылы саяси науқанның әділ әрі заңды өтуін қамтамасыз етуге үлес қосамыз – дейді орталық төрағасы Төлеген Күнәділов.
Төлеген КҮНӘДІЛОВ, ПАРТИЯЛЫҚ ЕМЕС БАЙҚАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Елімізде 10 мыңға жуық сайлау учаскесі бар болатын болса, барлық сол учаскелерді қамтуға ниеттіміз. Барлық өңірлерімізді мынау қоғамдық бірлестіктің филиалдары жұмыс жасайды. Солардың базасында біздің шұғыл түрде ақпарат жинайтын штабтарымыз құрылған болатын. Өңірлерде, қазіргі таңда, байқаушылар тобы қалыптасып, олар оқыту үстінде.
А. Задабек