$447.25 €485.18 ₽4.96
×

Президенттікке кандидат Қ.Тоқаевты қолдау жөніндегі РҚШ мүшелері үгіт-насихат жұмыстарын Абай облысынан бастады

AstanaTV
27.10.2022ж. 20:00
1557
Президенттікке кандидат Қ.Тоқаевты қолдау жөніндегі РҚШ мүшелері үгіт-насихат жұмыстарын Абай облысынан бастады

Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штаб мүшелері үгіт-насихат жұмыстарын Абай облысынан бастады.

Штаб мүшелері Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Ондағы өңірлерді дамыту мен ауылда жайлы өмір сүруге жағдай жасау бойынша кандидат ұсынған мәселелер талқыланды. Кездесуге 300-ден астам адам қатысты. Республикалық қоғамдық штабтың басшысы Ерлан Қошанов халық Әділетті Қазақстан құру идеясының төңірегіне топтасуы тиіс екенін атап өтті.

Ерлан ҚОШАНОВ, ПРЕЗИДЕНТТІККЕ КАНДИДАТ Қ.ТОҚАЕВТЫ ҚОЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБ БАСШЫСЫ:

Президенттің саясаты мен іс-қимылы, бірінші кезекте, мемлекет мүддесін қорғап, ел тәуелсіздігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейді. Халықтың қалауы да – осы! Бір сөзбен айтқанда, ел мүддесі де, ер мүддесі де бір жерден шығып отыр.

Сайлаушылармен кездесу Әлихан Бөкейханов атындағы университетте жалғасты. Онда Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында жастарға қатысты айтылған мәселелер талқыланды. Штаб мүшелері өңірдің зиялы қауым өкілдерімен де жүздесті. Сондай-ақ, «Семей Цемент» акционерлік қоғамына барып, кәсіпорынның еңбек ұжымына кандидаттың сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары туралы айтты.

Б. Сатуов