Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Президенттікке үміткер Мейрам Қажыкен үгіт-насихат жұмыстарын Жезқазған қаласында жалғастырды

AstanaTV
27.10.2022ж. 20:00
1245
Президенттікке үміткер Мейрам Қажыкен үгіт-насихат жұмыстарын Жезқазған қаласында жалғастырды

Президенттікке үміткер Мейрам Қажыкен үгіт-насихат жұмыстарын Жезқазған қаласында жалғастырды. Кандидат мыс балқыту зауытында болды. Еңбек адамдарымен кездесіп, халықтың ұсынысын тыңдады.

Мейрам Қажыкен мыс балқыту зауытына барып, анод бөлімшесінің жұмысшыларымен кездесті. Еңбек адамдарымен тілдесіп, халықтың ұсыныстарын тыңдады. Кездесу барысында өзінің сайлауалды бағдарламысының негізгі бөліктерімен таныстырды. Кандидат сондай-ақ, «Адал еңбек.кз» бірлестігінде болды. Бұл өндіріс орны "Қазақмыс" корпорациясының бастамасымен құрылған. Мұнда өндірістік жарақат алған адамдар жұмыспен қамтылады. Осыдан соң Мейрам Зекешұлы компания басшылығымен және белсенділерімен кездесіп, олардың жұмысына табыс тіледі.

Мейрам ҚАЖЫКЕН, ПРЕЗИДЕНТТІККЕ КАНДИДАТ:

Кездесулер болды. Халықпен, жұмысшылармен. Халықтан ұсыныстар естідім. Бұл Ұлытау өңірі біздің қазақ халқына киелі жер деп айтамыз. Өйткені көп ғасыр бұрын қазақтар осы жерде біріккен. Сыртқы жауға қарсы тұруға.

А. Задабек