Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Президенттікке үміткер Салтанат Тұрсынбекова Қарағандыдағы дағдарыс орталығында болды

AstanaTV
27.10.2022ж. 20:00
1549
Президенттікке үміткер Салтанат Тұрсынбекова Қарағандыдағы дағдарыс орталығында болды

Президенттікке үміткер Салтанат Тұрсынбекова Қарағандыдағы дағдарыс орталығында болды. Қиын өмірлік жағдайға тап болған әйелдермен кездесті. Олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға қатысты мәселелерді талқылады.

Тұрсынбекова тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен қазақстандық әйелдердің мүддесін белсенді түрде қорғап жүр. Құқық қорғау саласында жұмыс істеген оған бұл мәселе жақсы таныс. Сондықтан дағдарыс орталығындағылардың сұрақтарына жан-жақты жауап беріп, өзекті проблемаларды бірге талқылады. Сайлауалды бағдарламасын жіліктеп айтты. Онда басымдық берілген әрбір мәселенің өзектілігіне тоқталды.

Салтанат ТҰРСЫНБЕКОВА, ПРЕЗИДЕНТТІККЕ КАНДИДАТ:

Мен қай өңірде жүрсем де дағдарыс орталығынан бармай кетпеймін. Бүгін мен үшін өте бір көңілге мұң қалдыратын жайт. Өйткені, тағы да бір рет мен аналарымыздың көз жасын, балдардың шырылдап жылап жүргенін, өз отбасынан қашып, осындай жерге келіп, пана тапқанына мәжбүр болып жүргеніне менің көңілім де, жүрегім де шыдамайды ондайға.

А. Базарбай