$498.34 €519.72 ₽4.85
×

"Тілшілердің айлығы 100 мыңға жетпейді",- Бас редактор

AstanaTV
27.10.2022ж. 20:00
2860
"Тілшілердің айлығы 100 мыңға жетпейді",- Бас редактор

Астанада Бас редакторлар форумы өтті. Еліміздің әр өңірінен келген жетекшілер дәстүрлі және жаңа медианың серіктестігі мен бәсекелестігі, аймақтық БАҚ-тың бүгіні мен болашағын сөз етті. Қазақстанда 24 жоғарғы оқу орны журналистер даярлайды. Қазір 4 мыңдай студент журналист мамандығы бойынша білім алып жатыр. Алайда, салада маман тапшы. Форумға қатысушылар мұның себебін, жалақының аздығымен байланыстырды. Әлі күнге дейін тілшілер статусының бекітілмеуі, жеке журналистердің мәртебесі туралы заңның қабылданбауы жығылғанға жұдырық болып тұр.Форум соңында қатысушылар мемлекеттің идеологиясын блогерлер емес, бас редакторы, корректоры бар дәстүрлі және классикалық журналистер құрады деген ортақ шешімге келді.

Абай БАЛАЖАН, «ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН» ГАЗЕТІНІҢ БАС РЕДАКТОРЫ:

Бізде қазір маман жоқ. Облыстық газетте маман жоқ. Себібі, біздегі тілшінің қолына тиетін таза айлығы сіздерден жасырмайын 100 мыңға жетпейді. Бұл біздің көтергендегіміз. Журналистердің мәртебесі жоқ. Бұл бюджеттік, мемлекеттік қызметкерлерге жатпайды. Ешкімге жатпайды. Не үйдің кезегіне тұра алмайды. Журналистердің мәртебесін БАҚ туралы заңға кіргіземіз деп жатыр. Ондай емес. Өз алдына журналист мәртебесін деген сияқты заңға қол жеткізуіміз керек.

З. Санай