Президенттікке кандидат Мейрам Қажыкеннің өңірлерге сапары жалғасуда. Үміткер Қостанай облысына барды. Аймақтағы мәдени орындарға бас сұғып, құнды жәдігерлермен танысты. Сондай-ақ жастармен жолығып, ой бөлісті. Сайлауалды бағдарламасын таныстырып, халықтың ұсынысын тыңдады.
Президенттікке кандидат Мейрам Қажыкен алдымен ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының ескерткішіне гүл шоғын қойып, құрмет көрсетті. Осыдан кейін облыстық өлкетану мұражайына барып, құнды жәдігерлермен танысты. Сондағы қызметкерлермен әңгімелесіп, өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Осыдан соң Ахмет Байтұрсынұлы атындағы өңірлік университет студенттерімен кездесті. Жастар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жауап алды. Кандидаттың бағдарламасына қатысты өз ойларын айтып, пікір алмасты. Мейрам Зекешұлы мұнан соң облыстық штабтың жұмысымен танысты. Қазір қоғамдық кеңесте төрт адам бар. Үгіт-насихат жұмыстарына еріктілер де тартылған.
Серік САТМҰХАМЕДОВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ШТАБ БАСШЫСЫ:
Сол волонтерлар АПМнің жағдайын қаланың ішінде іліп отыр. 17 аудандық бар. 4 қала бар. Біз сол төрт қаланы алдық та... Төрт қалаға баннерларды ілгізіп дайындап қойдық.
А. Задабек