Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Президенттікке кандидат Қ.Тоқаевты қолдау жөніндегі РҚШ мүшелерінің үгіт-насихат жұмыстары Ұлытау облысында жалғасты

AstanaTV
28.10.2022ж. 20:00
1532
Президенттікке кандидат Қ.Тоқаевты қолдау жөніндегі РҚШ мүшелерінің үгіт-насихат жұмыстары Ұлытау облысында жалғасты

Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штаб мүшелері бүгін Ұлытау облысында жалғасты.

Кездесу Жезқазған қалалық Халықтар достығы мен мәдениеті үйінде өтті. Оған 500-ге жуық адам қатысты. Онда штаб мүшелері Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Республикалық қоғамдық штабтың басшысы Ерлан Қошанов Ұлытау топырағы ұлт бірлігін бейнелейтін қасиетті мекен екенін атап өтті.

Ерлан ҚОШАНОВ, ПРЕЗИДЕНТТІККЕ КАНДИДАТ Қ.ТОҚАЕВТЫ ҚОЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБ БАСШЫСЫ:

Ұлтымызды ұйыстырған Ұлытау жері – елдіктің, бірліктің бастауы. Біз алдымыздағы сайлауда соны тағы бір мәрте дәлелдеуге тиіспіз. Біздің бір тудың астына жиналып, коалиция құруымыз да осының айғағы. Бірлігіміз кез-келген сынақты еңсереді. Алдағы сайлауда да өз бірлігімізді көрсетуіміз керек.

Кездесуден соң, штаб мүшелері «ULYTAU NAN» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі зауытында болып, кәсіпорын қызметкерлеріне кандидаттың бизнесті дамыту және кәсіподақтарды қолдау жөніндегі сайлауалды бастамаларын түсіндірді. Одан соң өңірдегі жетекші кәсіпорындардың бірі «Kazakhmys Smelting» атты мыс балқыту зауытында болды. Онда штаб мүшелері металлургтермен сайлауалды бағдарламада көрсетілген өндірістегі еңбек құқықтарын қорғау және өңдеуші өнеркәсіпті дамыту мәселелерін талқылады.

Б. Сатуов