$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Президенттікке кандидат С.Тұрсынбекова үгіт-насихат жұмыстарымен Шымкентке барды

AstanaTV
31.10.2022ж. 20:00
1005
Президенттікке кандидат С.Тұрсынбекова үгіт-насихат жұмыстарымен Шымкентке барды

Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова үгіт-насихат жұмыстарымен Шымкент қаласына барды. Мегополистегі тігін фабрикасында болып, еңбек адамдарымен кездесті.

Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова тігін фабрикасындағы жұмысшыларды сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Ашық-жарқын диалог орнатып, ісмерлердің ой-пікірін тыңдады. Айта кетейік, аталмыш цех 1995 жылы ашылған. Қазір мұнда 250-ге жуық адам жұмыс істейді. Оның 90 проценті- әйел. Кәсіпорын негізінен күш құрылымдарына қажетті арнайы киімдер мен мектеп формаларын тігеді. Кандидатпен кездесу барысында фабрика өкілдері кәсіпорынның бүгінгі тыныс-тіршілігінен хабардар етті. Айтуларынша, мұнда қазір кадр тапшылығы мен шикізатқа қатысты мәселелер бар.

Салтанат ТҰРСЫНБЕКОВА, ПРЕЗИДЕНТТІККЕ КАНДИДАТ:

Шығаратын өнімдерін қазақстандық бренд деп атасақ та болады. Өйткені таң атқаннан кеш батқанға дейін сол жерде істейтін әйелдер бар өнерлерін, бар шеберлерін салып, істеп отырған тіршіліктері. Бұл жерде пандемияға қарамай, дағдарыстарға қарамастан мынандай фабрикалар жұмыс істеп келе жатыр.

Б. Сатуов