$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Ақтөбе облысында кен орнында мұнай аралас су төгіліп, 3 мың шаршы метр жер ластанды

AstanaTV
01.11.2022ж. 20:00
1637
Ақтөбе облысында кен орнында мұнай аралас су төгіліп, 3 мың шаршы метр жер ластанды

Ақтөбе облысы Кенқияқ ауылының тұрғындары улы иіске тұншығып отырғандарын айтып, дабыл қағуда. Әлеуметтік желіде тараған жазба авторының айтуынша, жерге мұнай қалдықтары ағып жатыр. Қолқаны қабатын иістен тыныс алу мүмкін емес дейді.

Бұған қатысты экология департаменті жауап берді. Кеңқияқ кен орнында ұңғыма жарылып, мұнай аралас су ағып жатыр. 3 мың шаршы метр жер ластанған. Қазір апат салдарын жоюға арналған шаралар жасалып, бүлінген жер қоршалған. Ластанған аумақтан сынама алынды. Оқиға орнында жоспардан тыс тексеріс басталған. Оқиғаның шығу себебі мен келтірген зардабы анықталуда. Тексеру жұмыстары 10 күннен 20 күнге дейін созылады. Кәсіпорын жұмысында шикілік анықталса, ауқымды айыппұл салынуы мүмкін.

Тұрар ҚОЖАНОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ МЕМЛЕКЕТТІК ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Инспектор барған кезде анықтағаны 797аумағында негізгі бағанасында дәнекерленген жерден сваркіленген жер жарылып кеткені анықталды. Сол бойынша мұнай аралас су ағып жатырғаны анықталып тұр. Тексеріс жүріп жатыр. Тағы да біздердің тарапымыздан құжаттар алынып экологиялық тексеріс жүргізілді.

Б. Рахметова