Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Атырауда кәсіпкер жертөленің қабырғасын заңсыз бұзып тастаған

AstanaTV
01.11.2022ж. 20:00
1539
Атырауда кәсіпкер жертөленің қабырғасын заңсыз бұзып тастаған

Атырауда кәсіпкер көпқабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы бір жақ қабырғасын тұтастай бұзып тастаған. Кәсіп ашпақ болыпты. Бұған тұрғындар ашулы. Үйіміздің қабырғасы жарылып, баспанамыз суып кетті дейді. Енді тиісті мекемелер өзім білемдікке салынған кәсіпкерді іздеп жатыр.

Бұл - Бейбарыс даңғылындағы 6 қабатты үй. Бірер күн бұрын еш ескертпестен баспананың астыңғы қабатындағы қабырғасын құрылысшылар бұзып тастаған. Кәсіпкердің күн әбден суығандағы бұл әрекетін түсіне алмай, өзімен тілдеспек болған әрекеттерінен түк шықпапты. Амалсыз прокуратурға арыздандық дейді.

Зита СӘРСЕНОВА, АТЫРАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

3-4 күн күнімен-түнімен сатырлатып, таңертең қарасақ бүкіл қабырғасы жоқ. Ол қайда? Бірінші архитектуралан рұқсат алмай ма? Үй деген трещина, жер-жер ырсиып жатыр. Түнде жатқанда «қырт-қырт» етеді. Мен тіпті қорқамын, мен айтамны «гүрс етіп астында қалып қоймасақ шүкір еді»,- деп.

Жәнібек ТӨЛЕШОВ, АТЫРАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Енді тұрғындардың жарлары жарылып, оған дейін болған жоқ үй алғалы. Ол мәселе біздер рұхсат берген жоқпыз. Ислам деген азаматпен де, азаматша Айманмен де сөйлестік. Олар айтқаны - 3 күн ішінде мәселені шешеміз. Біз қағаз күтіп отырмыз. Мен айтам алдымен рұқсат алу керек.

Тұрғындар бұл үйге 2014 жылы көшіп келген. Ал жертөлені сатып алдық деген кәсіпкерлер 2018 жылдан бастап, жертөледегі су, жылу жүйелерін реттей бастаған. Содан бері түрлі қолайсыздық туғызып, әбден басымызға шықты,- дейді ашынған жұрт. Тұрғындардың жиналып жатқанын естіген кәсіпкер құрылыс басына келгенімен, сұхбат беуден бас тартты. Құрылысқа рұқсат беретін тиісті органдар, бұл мекен-жай бойынша кәсіпкер рұсат алмақ түгілі, ешқандай сұраныс берген жоқ,- деп аң-таң.

Ғабит БАЛҒОЖИН, АТЫРАУ ҚАЛАЛЫҚ СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Электронный база данныхты тескеріп қарап шықтық. Бұл мектенжай бойынша мұндай жалғама құрылыс салуға жұмыстар жүргізуге ешқанай рұхсат құжат қағаздарын алғаны анықталған жоқ. Сәулет жоспарлау тапсырмасы мен нобайлық жобаны келесім алмаған.

Тимур НҰРБАЕВ, АТЫРАУ ОБЛЫСЫ МЕМЛЕКЕТТІК СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Біздерге құжат түскен жоқ арыз түскен жоқ рұхсат алу жөнінде. Қазіргі таңда прокуратураға тұрғындар арыз жазған болатын. Бізде жатыр қаралуда. Біздер иесін анықтау мақсатында сұраным жасағанбіз. Иесін анықталғаннан кейін тексеріс жұмыстарын бастаймыз.

Дейтұрғанмен қарашада, қара суықта қалдырды деген тұрғындар, жалғамалы құрылысқа ешқандай рұқсат бермейміз,- деп бекініп отыр. Ал заңсыз әрекеті үшін кәсіпкерге енді әкімшілік шара қолданылмақ.

Б. Нәдірқызы