Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Кандидат М.Қажыкеннің үгіт-насихат жұмыстары Абай облысында жалғасты

AstanaTV
01.11.2022ж. 20:00
829
Кандидат М.Қажыкеннің үгіт-насихат жұмыстары Абай облысында жалғасты

Президенттікке кандидат Мейрам Қажыкеннің үгіт-насихат жұмыстары Абай облысында жалғасты. Үміткер өңірдегі кәсіпорын қызметкерлерімен жолығып, жұмыс барысымен танысты. Сайлауалды тұғырнамасын таныстырып, мамандармен пікір алмасты.

Мейрам Қажыкен әуелі «Семей инжинеринг» зауытына барды. Бұл кәсіпорын 1987-2004 жылдар аралығында «бронды жөндеу зауыты» деп аталып келген. Өндірістің негізгі бағыты – қорғаныс және азаматтық мақсаттағы өнімдерді әзірлеу, өндіру, жөндеу және сату. Кәсіпорын жұмысшыларымен кездесу барысында кандидат сайлауалды тұғырнамасын таныстырды. Қызметкерлермен саяси-әлеуметтік тақырыпта пікір алмасты. Осыдан кейін Мейрам Қажыкен өңірдегі штаб жұмысымен танысты. Үміткер Абай облысында тағы бір күн аялдап, бірқатар жиын өткізуді жоспарлап отыр. Әсіресе, медицина саласында еңбек етіп жүрген мамандармен кездеспекші.

Альфия САЙФУТДИНОВА, АБАЙ ОБЛЫСТЫҚ ШТАБ БАСШЫСЫ:

Жоспарымыз өте көп. Мейрам Зекешұлы Семей қаласындағы университет госпиталінде медицина академиясының оқытушыларымен және дәрігерлер, медициналық құраммен кездеседі. Өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырады.

А. Задабек