Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Президенттікке кандидат Қ.Әбден тәулік бойы жұмыс істейтін балабақшалар ашу мәселесін талқылады

AstanaTV
01.11.2022ж. 20:00
1269
Президенттікке кандидат Қ.Әбден тәулік бойы жұмыс істейтін балабақшалар ашу мәселесін талқылады

Президенттікке кандидат Қарақат Әбденнің Алматы облысы жұртшылығымен кездесулері жалғасуда. Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің мамандарымен де жүздесті.

Бүгін Президентке үміткер Қарақат Әбден Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Есік қаласында болды. Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің қазметкерлерімен жүздесіп, сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарымен таныстырды. Қазір ауданда мектепке дейінгі 170 білім беру мекемесі бар. Оның 30-ы мемлекеттік балабақша, 12-сі шағын орталық.

Жазира НҰРҒОЖАЕВА, БАЛАБАҚША МЕҢГЕРУШІСІ:

Мектепке дейінгі мекемелерде көптеген жетістіктер бар. Мемлекеттен де қолдаулар бар. Әрине мекемелерде проблемалар да бар. Олар өз шешімін табуда. Мазалаған сұрақтарды қойдық. Тиісті жауаптарымызды алдық.

Үміткер Қарақат Әбден тәулік бойы жұмыс істейтін балабақша қажеттілігін көтерді. Мәселені мемлекеттік балабақшалардың негізінде ашып, жұмыс уақытын ұзарту арқылы іске қосуға болады деді. Осылайша күндіз-түні жұмыс істейтін ата-аналардың проблемасын шешуге болады.

Т. Әлжанов