Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Кандидат Ж.Дайрабаев Қарағанды облысына барды

AstanaTV
01.11.2022ж. 20:00
1350
Кандидат Ж.Дайрабаев Қарағанды облысына барды

Президенттікке кандидат Жигули Дайрабаев болса, кеншілер мекені Қарағанды облысына барды.

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы атынан сайлауға түсетін кандидат Жигули Дайрабаев кеншілер қаласындағы «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік кешенінің жұмысымен танысты. Ондағы қызметкерлерімен кездесті. Мұнан соң өңірдегі штабқа ат басын бұрды. Онда селекторлық жиын өткізіп, жоспарларын айқындап алды. Сондай-ақ, ол сайлауалды үгіт-насихат науқанының алғашқы он күндігін қорытындылады. Әр өңірдегі әріптестерімен бейнебайланысқа шығып, атқаратын жұмыстарын пысықтады. Бұған дейін кандидат Жигули Дайрабаев пен оның партияластары Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе және Ақмола облыстарында болған еді.

Жигули ДАЙРАБАЕВ, ПРЕЗИДЕНТТІККЕ КАНДИДАТ:

Қарағандылық сайлаушылармен кездесу өте мәдениетті өтті. Бұл кездесуге 3 жоғары оқу орнының оқытушылары мен студенттер қатысты. Көрші аудандардан Ақтоғай, Бұқар жырау, Қарқаралы, Абайдан фермерлер келді.

Ә. Дүкембаева