Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

«ҚазМұнайГаз» сапасы төмен бензиннің салдарынан болған автоәуесқойлардың шығындарын өтеуге кепілдік береді

AstanaTV
27.07.2016ж. 20:00
2636
«ҚазМұнайГаз» сапасы төмен бензиннің салдарынан болған автоәуесқойлардың шығындарын өтеуге кепілдік береді

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы сапасы төмен бензиннің салдарынан болған автоәуесқойлардың барлық шығындарын өтеуге кепілдік береді. Бұл туралы біздің арнамызға «ҚазМұнайГаз өнімдері» серіктестігі бас директорының орынбасары Ғазиз Қошанов мәлімдеді. Алайда ол үшін өнімнің міні компанияның немесе тәуелсіз, бірақ тиісті рұқсаты бар зертханада дәлелденуі тиіс. Ұлттық команияға жыл басынан бері тұтынушылардан 45 шағым түскен, алайда зерттеу нәтижелері бойынша олардың ешбірі расталмаған.

Ғазиз Қошанов, «Қазмұнайгаз өнімдері» ЖШС бас директорының трансформация бойынша бірінші орынбасары:

Әрбір шағымға көңіл бөлеміз. Алайда бүгінге дейін тұтынушынікі жөн болып, біздің өніміміздің төмен сапасы дәлелденген жағдай болған жоқ. Ал егер біздің қателігіміз дәлелденіп жатса, компания, әрине, тиісті жауапкершілікті мойнына алады. 

Азамат АЛДОҢҒАРОВ