Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Көмір жеткізушілері шикізаттың қымбаттауына байланысты бүгіннен бастап отынмен қамтылуға кеңес берді

AstanaTV
27.07.2016ж. 20:00
2487
Көмір жеткізушілері шикізаттың қымбаттауына байланысты бүгіннен бастап отынмен қамтылуға кеңес берді

Көмір бағасы қымбаттауы мүмкін. «Қаражыра» кен орнының басшысы осылай деп мәлімдеді. Қазір әкімдік шұғыл түрде әлеуметтік көмір алатындардың тізімін жасап жатыр. Өйткені күзде теміржолдағы қатынас шамадан тыс болып, жеткізуде қиындықтар тууы мүмкін.

Марғұлан Макишев, «Қаражыра ЛТД» ЖШС директоры:

Кен орнына баратын темір жол бағыты ертең қажетті вагон санын өткізе алмайды деген қауіп бар. Тамыз айында көмір, жалпы отын бағасының өсуі ғажап емес. Сондықтан, ертең шикізатты қымбатқа сатып алмас үшін, онымен қазір қамтылған жөн.

Әлеуметтік аз қамтылған азаматтардың қатарында қала бойынша 8 мыңнан астам тұрғын бар. Олардың дені ардагерлер, мүгедектер мен көпбалалы отбасылар. Бұл адамдарға көмір тоннасына 7,5 мың теңгеден ұсынылмақ. Бұл нарық бағасынан 700 теңгеге арзан. Биыл Өскеменге әлеуметтік көмірдің 40 мың тоннасы бөлініп отыр.

Абзал ҚҰРМАНКИН