Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі қоғамдық қабылдауға қатысты

AstanaTV
27.07.2016ж. 20:00
1978
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі қоғамдық қабылдауға қатысты

Бүгін Астанада «Нұр Отан» партиясының кезекті республикалық қоғамдық қабылдауы өтті. Бұл жолы тұрғындар базынасын тыңдау үшін Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсеновамен кездесу ұйымдастырылған. Халықтан түскен өтініш саны көп. Дегенмен ведомство басшысы 27 адамды тікелей қабылдап, айтар мәселесіне құлақ салды.

Қабылдауға келгендердің бірі - Айгүл Әбдуалиева, неврологиялық дертке шалдыққан балаларды оңалту орталығының директоры. Ол министрден бейімдеу мекемесіне жеке ғимарат бөлуді сұрай келді. Айтуынша, тұрақты орынның жоқтығынан жүйке жүйесінде ауытқуы бар 15 жасқа дейінгі науқастарға ем-дом жасау қиындап тұр. Тамара Дүйсенова өтінішті мұқият тыңдап, оны 20-шы тамызға дейін реттеуге жауапты тұлғаларға тапсырма берді.

Қазақстан неврологтары атынан мұнда келіп тұрмын десем де болады. Министрден жүйке жүйесі аурыратын балаларға көмек көрсететін орталықтың тағы бірін ұйымдастыруға көмек сұраймыз. Себебі мұндай дертке шалдыққан балалар саны жыл санап артып келеді. Бірақ бізде оларды бейімдеу орталығы жоқтың қасыАстанада бір ғимарат берілсе, іс оңға басар еді. Министр тыңдады, реттеуге уәде етті.

Бұдан бөлек, шетелде емделуге квота алуға, мүгедектердің жәрдемақысы, зейнеткерлер мәселесі мен жұмыссыздық, еңбекақының дер кезінде төленбеуі сынды шағыммен келген кісілер де тыңдалды. Министр барлығының шешімін тапқанға дейін бақылауда ұстауға уәде етті.

Арыстанғали Сансызбаев, «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесі меңгерушісінің орынбасары:

Жалпы Қазақстан бойынша 88 мыңнан астам өтініштер түсті қоғамдық қабылдауға. 11 мыңнан астам азаматты қабылдау өткізілуде. Тек қана республикалық қоғамдық қабылдау негізінде мемлекеттік органдар жетекшілерімен 27 рет өтті. Тамыз айында бізде, мысалы, Ішкі істер министрінің қабылдауы жоспарлануда.

Құралай ПИОНЕР