$523.2 €594.3 ₽6.38
×

«Көп балалы ана болу – нағыз ерлік», - Қ. Әбден

AstanaTV
02.11.2022ж. 20:00
1729
«Көп балалы ана болу – нағыз ерлік», - Қ. Әбден

Президенттікке кандидат Қарақат Әбден Ақтөбе қаласының сайлаушылармен кездесті. Іскер әйелдер қауымдастығының өкілдерінің ұсыныстарын тыңдады, сауалдарына жауап берді.

Кездесуде әлеуметтік сала, әйелдің қоғамдағы рөлі мен көпбалалы аналардың жағдайы туралы сөз қозғалды. Кандидат «көп балалы ана болу – нағыз ерлік», деді. «Бір қолымен бесік тербетіп, бір қолымен әлемді тербеген аналар қоғамға, жастарға үлгі болу керектігіне тоқталды. Қазір облыста 80 мыңға жуық кәсіпкер болса, оның жартысынан астамы әйелдер. «Өзім көп балалы ана ретінде әйел-ана, қазақ қызы ұлт айнасына айналу керек деп санаймын», - деді Қарақат Әбден.

Гүлжазира ЕШНИЯЗ, КӘСІПКЕР:

Жұмыс жасаймын деген адамға 100 процент сол жұмысқа берілсе, жақсы көрсе, таза адал жасаса барлық есіктер ашық деп ойлаймын. Әйелдерге де, ер адамдарға да. көруге келдім сол кісіні, сұхбаттасу үшін келдім. Өте әдемі диалог болды.

Т. Әлжанов