Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров 70-ке толды

AstanaTV
27.07.2016ж. 20:00
7301
Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров 70-ке толды

Бүгін Халық Қаһарманы, Кеңес Одағының батыры, қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіров 70 жасқа толды. Оны құттықтау үшін шетелден ұшқыш ғарышкерлер арнайы келді. Мемлекет басшысының Халық қаһарманын құттықтаған сөзін Қорғаныс министрі жеткізді.

Иманғали Тасмағамбетов, ҚР Қорғаныс министрі:

Сіз - халқыңыздың біртуар, мақтан тұтар даңқты ұлдарының бірісіз. Сізге әрдайым мықты денсаулық, отбасыңызға амандық пен құт-береке тілеймін. Ұзақ та бақытты өмір сүріп, халқымыздың құрметімен қошеметіне бөлене беріңіз. Тойыңыз тойға ұлассын! ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Халық батырының дара жолы қалай басталғанын іс-шара қонақтары Қарулы күштер мұражайындағы фотокөрмеден тамашалады. Тоқтар Әубәкіров ғарышкер ғана емес, ол - әскери ұшқыш. Ол 1988 жылы Кеңес Одағында тұңғыш рет әуеде ұшаққа 2 рет жанармай құю арқылы солтүстік полюске ұшу сапарын ерлікпен орындаған. 1989 жылы 1-ші болып авиатасушы крейсердің алаңқайына «МиГ-29г» реактивті ұшағын шеберлікпен қондырған. Сондай-ақ ол реактивті ұшақтың 50-ден аса жаңа түрін сынақтан өткізген.

Тоқтар Әубәкіров, Халық қаһарманы, Кеңес Одағының батыры, авиация генерал-майоры:

Мен бүгін өте қуаныштымын. Неге десеңіздер, міне, мені менің халқым құттықтап жатыр. Мың да мың рахмет. Жасай берсін менің халқым, біздің халқымыз жасай берсін! Мәңгілік болсын! Мен ризамын осындай той маған жасап жатқандарыңызға!