$521.9 €593.5 ₽6.39
×

Шымкенттегі үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда

AstanaTV
02.11.2022ж. 20:00
1752
Шымкенттегі үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия атынан президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев пен оның жақтастары, Шымкентте жүр. Олар аймақтық сайлауалды штабқа соғып, партия активімен кездесті. Сонымен бірге азаматтарды қабылдады.

Үміткер Нұрлан Әуесбаев бүгін Шымкенттегі қалалық штабтың жұмысымен танысты. Партия белсенділерімен бірге сайлауалды бағдарламасын пысықтады. Құжатта баса назар саяси реформаларға аударылғанын атап өтті. Үміткердің пікірінше, «Алдымен экономика, кейін саясат» стратегиясы тиімсіз болып шықты. Партиялық-саяси өрісті толыққанды реформалау қажет.

Нұрлан ӘУЕСБАЕВ, ПРЕЗИДЕНТІККЕ КАНДИДАТ:

Өзіміздің осындағы сайлауалды жұмыстарымыз туралы және осындағы активтердің басын қосып, белсенділердің басын қосып мен өзімнің атқарып жатқан жұмыстарым туралы және олар өздерінің атқарып жатқан жұмыстары туралы барлық мәселелер жөнінде пікір алмасып, алдағы атқарылатын жұмыстар туралы біршама келісімдерге келдік.

Кандидат парақорларға қатысты жазаны барынша қатайтуды ұсынады. Әуесбаевтың пікірінше, сыбайлас жемқорлық қылмыс үшін сотталғандарды мерзімінен бұрын босату құқығынан айыру қажет. Мұнан соң жергілікті БАҚ өкілдерімен де кездесу өткізді. Ал, ертең Нұрлан Әуесбав Алматы қаласындағы сайлаушылармен жүздеседі.

Қ. Мерей