$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қарағанды облысында орыс қызы қазақ тілі мен ұлттық дәстүрін дәріптеп жүр

AstanaTV
02.11.2022ж. 20:00
2298
Қарағанды облысында орыс қызы қазақ тілі мен ұлттық дәстүрін дәріптеп жүр

Қарағанды облысында орыс қызы қазақтың тілі мен салт-дәстүрін дәріптеп жүр. Тілді еркін меңгерген қазақ келіні ұлттық нақыштағы сыйлық, тарту- таралғы тігетін цех ашып, дөңгелек отыр. Тіпті қызметкерлерінің өзін қазақша оқытады. Әр қазақстандық қазақша сөйлеуі тиіс дейді. Ұлты орыс болса да, жаны қазақ Наталья Иванқызы туралы келесі материалда.

Қазақтың келіні Наталья Арыстанованың шағын кәсібі талай отбасына қуаныш сыйлап келеді. Ұлттық салт- дәстүрімізді еркін меңгерген ол бұл бизнесті 4 жыл бұрын бастаған. Қытайдан әкелінген арнайы қондырғымен кез- келген бұйымға сурет салуға болады. Ою- өрнекпен кестеленген жастық, көрпеше, орамалдар ерекше сұраныста,- дейді.

Наталья АРЫСТАНОВА, ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Қазақтарда той көп. әдемі сөздерді жеткізіп, сыйлық ретінде жеткізіп күштілеп алады кісілер. Кішкентай ғана қосылса да басқаша болып көрінеді да әдемі болып көрінеді, сыйлықтың мағынасы өзгереді.

Кәсіпкер ұлттық нақыштағы бұйымдарды тіккендіктен қызметкерлерінен қазақ тілінде сөйлеуді талап етеді. Өзге ұлт өкілдерін қазақша оқытады. Оның пікірінше, мемлекеттік тілді білу- әр қазақстандықтың парызы.

Наталья АРЫСТАНОВА, ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Қысқа мерзімді 21 күндік курстар өтті. Сертификат өздері алды. Сонда кісілермен қазақша сөйлей алатын мемлекеттік тілде қызмет көрсете алатын алғашқы шағын сөздерді білетін болды. Мысалы, сізге көмек қажет пе? Саламатсыз ба, сапасы деген жәй күнделікті керек сөздермен кісілермен сөйлесе алатын болды.

Дана ҚАЛМАҒАМБЕТОВА, САТУШЫ:

Мінезі ақкөңіл, әрдайым түсінеді сені. Бізбен қазақша сөйлеседі, қазақша түсіндіреді, қазақша айтады бізге.

Ал үйде Наталья барлық салт- дәстүрді сақтайды. Екі баласын қазақи тәрбиеге баулып отырады. Жұма сайын міндетті түрде шелпек пісіріп майдың иісін шығарады.

Наталья АРЫСТАНОВА, ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Күздік те бар, соғым да бар. Неге десеңіз кісі көп келеді. Қазы айналдыру дегенді ешкімге сенбеймін, өзім жасаймын. Ешкімге тапсыра алмаймын.

Наталья Иванқызы Ақтөбе облысында туып өскен. Орыс мектебін бітірген. Алайда бала кезінен қазақ тілін үйренуге құштарлығы мен қазақи ортамен араласу арқылы осындай деңгейге жеткен. Өз отаныңның тілін білу әрі міндет, әрі абырой, әрі мақтаныш деген ол өзге ұлт өкілдерін қазақ тілін меңгеруге шақырады. Айжан Қуаш, Жанайдар Рақымжанов, "АстанаТаймс" Қарағанды.

А. Қуаш