Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

СҚО Уәлиханов ауданының тұрғындары жолдың жоқтығына шағымданып отыр

AstanaTV
03.11.2022ж. 20:00
1255
СҚО Уәлиханов ауданының тұрғындары жолдың жоқтығына шағымданып отыр

Солтүстік Қазақстандағы Уәлиханов ауданының тұрғындары жолдың нашарлығына шағымданады. Ақбұлақ ауылынан аудан орталығына қатынайтын жолмен жүру мүмкін емес дейді. Ми батпаққа белшеден бататын көрінеді. 30 шақырым жерді көлікпен бірнеше сағатта әрең еңсеретінін айтады.

Жауапты мекеме өкілдерінің айтуынша, жолды осы маңайда орналасқан каръерге қатынайтын ауыр жүк көліктері бүлдіріп жатыр. Әйтпесе, жыл сайын қиыршық тас төселеді дейді. Енді ғана күрделі жөндеуден өтетінін айтты.

Ерден ШОРТЫБАЕВ, СҚО ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Ауыр жүк көліктеріне біз тосқауыл қоя алмай отырмыз. Қазір біз енді ол жолды тегістеп, қыс мезгіліне дайындап жатырмыз. Жалпы 2026 жылға дейінгі кешенді құрылыс жоспары әзірленіп жатыр. Кішкенекөл мен Ақбұлақтың арасындағы жол соның аясында толық жаңғыртылатын болады.

А. Құрманкин