$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Павлодар әкімдігі аялдама шыныларын сатып алуға 17 млн. 500 мың теңге жұмсаған

AstanaTV
03.11.2022ж. 20:00
1253
Павлодар әкімдігі аялдама шыныларын сатып алуға 17 млн. 500 мың теңге жұмсаған

Павлодар қаласының әкімдігі аялдама шыныларына 17 млн. 500 мың теңге бөлген. Әкімдіктің мәліметінше, шаһарда 500-ге таяу аялдама бар. Оның 145-і шыныдан жасалған. Олар жиі сынады деді. Тек биылдың өзінде 85 аялдамадағы әйнек ауыстыру қажет етеді екен. Көбіне бұзақылар қасақана сындырып кетуге құмар көрінеді. Бұдан бөлек темірден жасалған аялдамаларды да ұрлап кету дерегі көбейген.

Салтанат ӘКІМБЕКОВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Шыны аялдамалардың күтімі мен қызмет көрсетуіне қалалық бюджеттен 17 млн. 580 мың теңге бөлінді. Бұл қаражатқа 230 триплекс әйнек сатып алынды. Сынған шынылардың орны ауыстырылатын болады. Оның көлемі әр түрлі.

Дегенмен қала халқы қомақты қаржыны басқа мақсатқа жұмсағаны абзалрақ болар еді дейді. Көпшілік аялдаманың шынысына 17 миллион теңге жұмсауға қарсы екендерін білдірді.

Ө. Қуанар