Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Президенттікке кандидат Қ.Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшелері Жетісу облысына барды

AstanaTV
03.11.2022ж. 20:00
947
Президенттікке кандидат Қ.Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшелері Жетісу облысына барды

Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшелері Жетісу облысына барды. Онда көпшілікке кандидаттың сайлауалды бағдарламасындағы басымдықтар таныстырылды.

Штаб мүшелері өңірде алдымен зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Кандидаттың сайлауалды бағдарламасында тарихи мұраны сақтау, мәдениетті қолдау және отандық өнерді дамыту бойынша тың бастамалар бар. Жиналғандар соны жан-жақты талқылады.

Ерлан ҚОШАНОВ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБТЫҢ БАСШЫСЫ:

Бұл келуіміздің жөні бөлек. Өздеріңіз білесіздер алда президент сайлауы келе жатыр. Бірнеше өңірді аралап келе жатырмыз. Абай, Ұлытау, Алматы облысында болдық. Қарағанды да болдық. Халықпен соның ішінде зиялы қауымдармен кездестік. Өте жылы мағыналы әңгіме болды. Сол өңірдің ғана емес, мемлекеттік тұрғыдағы үлкен биік әңгімелер де болды.

Штаб мүшелері сондай-ақ, жергілікті кәсіпкерлермен және шаруалармен кездесті. Кәсіпкерлікті қолдау мәселелерін бірге талқылады. Мұнан соң кандидат жақтастары Балпық би ауылындағы Көксу қант зауытының еңбек ұжымымен кездесіп, бизнес пен еңбек адамын қолдау жөніндегі басымдықтар туралы пікірлесті.

Б. Сатуов