Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Президенттікке кандидат Мейрам Қажыкеннің іс-сапары Өскемен қаласында жалғасты

AstanaTV
03.11.2022ж. 20:00
1297
Президенттікке кандидат Мейрам Қажыкеннің іс-сапары Өскемен қаласында жалғасты

Президенттікке кандидат Мейрам Қажыкеннің іс-сапары Өскемен қаласында жалғасты. Үміткер өңірдегі медицина қызметкерлерімен, инженерлермен кездесті.

Үміткер Мейрам Қажыкен әуелі облыстық диагностикалық орталықта болып, медицина қызметкерлерімен кездесті. Содан соң, «Өскемен Гидро электр стансасына» барды. Жұмысшыларға сайлауалды бағдарламасының негізгі бөлімдерін түсіндірді. Қызметкерлердің сауалдарына жауап беріп, пікір алмасты. Шара барысында мұндағы мамандар үміткерге шағын экскурсия жүргізіп, жұмыс барысымен таныстырды. Электр энергиясын өндіретін бұл кәсіпорын 140 адамды жұмыспен қамтып отыр. Биыл компания жетпіс жылдық мерейтойын тойламақ. Айта кетейік, Мейрам Зекешұлының алғашқы мамандығы – инженер гидротехник.

Олег ИЗОТОВ, ГЭС ТЕХНИКАЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ:

Негізгі міндеті қауіпсіз электр энергиясын өндіру. Біздің тұтушылар – Жалпы Шығыс Қазақастан облысының халқы. Басқару желілері және кәсіпкерлер. Мұнда 140 жуық адам қызмет етеді. Негізгі құрам вахталық жүйеде тәулік бойы өз міндетін атқарады. Жетпіс жылдан бері кәсіподақ бірлестіктері де жұмыс істеп келеді.

А. Задабек