Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Жаркенттіктерді Қытаймен ынтымақтастық мәселесі алаңдатады

AstanaTV
03.11.2022ж. 20:00
1026
Жаркенттіктерді Қытаймен ынтымақтастық мәселесі алаңдатады

Цифрландыру арқылы суды үнемдеуіміз керек. Президенттікке кандидат Жигули Дайрабаев Жетісулықтарға осындай тың ұсыныс айтты.

Кандидаттың айтуынша, әлемде су тапшылығы байқалады. Сондықтан, жаңа технологиялар мен цифрландыру арқылы тіршілік көзін үнемдеуге көшуді ұсынады. Су тапшылығын жоюдың басқа жолы жоқ деді. Жаңбырлатып суару әдісі шөлді жерлерді пайдаға жаратып, бау-бақша егу, жылыжай салып, өнім алуға жақсы мүмкіндік береді. Ауыл шаруашылығы саласына бағытталған субсидия көлемін ұлғайту және лизингтік компанияларға қолдау көрсетуіміз қажет»,– дейді үміткер сайлаушылармен кездесуде.

Олжас ЖАПАРҚҰЛОВ, АГРОХОЛДИНГ ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ:

Жалпы ауданда бұрын 46 мың га жер игерілетін бұрынғы кезде. Қазір 25 мың га жер игеріліп тұр. Қалғанына су жетпейді.

Ал Жаркент қаласының тұрғындарын Қытаймен ынтымақтастық мәселесі қызықтырды. Кандидат көршілес мемлекеттермен әрдайым достық қарым-қатынаста болу маңызды екендігін атап өтті. Жиын соңында Жигули Дайрабаев өзінің сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Р. Бақытжанқызы