Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Президенттікке кандидат Қарақат Әбден өңірлік штаб жұмысымен танысты

AstanaTV
03.11.2022ж. 20:00
1261
Президенттікке кандидат Қарақат Әбден өңірлік штаб жұмысымен танысты

Президенттікке кандидат Қарақат Әбден Ақтөбе облысында жүр. Жергілікті жұртшылығымен кездесуі жалғасуда. Бүгін аймақ орталығындағы өңірлік штабта болды.

Атқарылған жұмыстармен танысып, штабқа тапсырмалар берді. Сайлауалды штаб кестеге сай жұмыс істеп тұр. Қажетті техникамен толық жабдықталған. Ақпараттық материалдар жеткілікті. Штабта 4 адам жұмыс істейді. Облыс бойынша 135 волонтер тартылған. Штабқа сайлаушылар сауалдары мен ұсыныстарын белсенді жолдауда.

Қарақат ӘБДЕН, ПРЕЗИДЕНТТІККЕ КАНДИДАТ:

Халықаралық сайлау эксперттері де штабқа келіп, сұрақтарын қойып жатыр. Оның бәріне өңірлік штабтарымыз жұмыс істейге дайын. 00.40+00.56 Штабтардың жұмысы Сайлау туралы заңның талаптарына сай жұмыс істеуде.

Қарақат Әбден бұған дейін Ақмола облысы, Қарағанды, Астана, Екібастұз, Семей, Павлодар, Талғар, Есік қалаларының тұрғындарымен жүздескен еді. Алдағы уақытта Қызылорда, Ұлытау, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облысының сайлаушыларымен кездесу өткізбек.

Т. Әлжанов