Президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев жақтастарымен бірге Алматы қаласында болды. Тұрғындардың ұсынысын тыңдап, қоғамдағы өзекті мәселелер туралы пікір алмасты.
Әуесбаев үгіт-насихат жұмыстары аясында Наурызбай ауданының тұрғындарымен жүздесті. Елдімекендегі мәселелерді талқылады. Сайлауалды бағдарламадағы басымдықтармен таныстырды. Сондай-ақ, мектепте болып, мұғалімдермен пікірлесті. Үміткер өзін ұсынған “Жалпыұлттық социал-демократиялық” партиясы туралы баяндады. Сайлауалды тұғырнамасына тоқталды. Кездесуге жиналғандар кандидаттың бағдарламасы бойынша өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, оған толыққанды жауап алды. Осыған дейін Нұрлан Әуесбаев 6 өңірді аралаған болатын.
Нұрлан ӘУЕСБАЕВ, ПРЕЗИДЕНТТІККЕ КАНДИДАТ:
№176 қазақ мектеп гимназиясында болдық. Оқытушылар мен көптеген адамдар қатысты. Жалпы, кездесулердің бәрі ұнап жатыр. Халық үлкен пікір алмасудан кейін көптеген сұрақтар туындап, ашық-жарқын сұрақтарын қойып, осындай көп мәселелер қызықтырып жатыр.
М. Қалиасқар