$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қазақстанның әлем алдындағы беделі қандай?

AstanaTV
03.11.2022ж. 20:00
3237
Қазақстанның әлем алдындағы беделі қандай?

Әлем Қазақстанға сенім артады. Қоғамдық даму институтының сарапшысы Риззат Елубаев арнамызға берген сұқбатында осылай деді. Ол әлемдік аренадағы Қазақстанның ұстанымын түсіндірді. Айтуынша, сырт көз біздің елді сындарлы диалог жүргізуге дайын, прагматизмді ұмытпайтын, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысы жоғары әріптес ретінде таниды.

Қазақстанның әлемдік аренадағы бастамалары қашан да көкейтесті. Солардың бірегейі: ядролық қарудан азат мемлекет құрудағы батыл қадамдары еді. Одан бөлек Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі.

Риззат ЕЛУБАЕВ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САРАПШЫ:

Қазақстан өзінің тәуелсіздігін алғаннан бері Ядролық қарудан бас тарту мақсатын жариялаған болатын. Әрине бұл сол кездегі халықаралық қатынастарда үлкен сұрақтар туындады. Шынымен бұл мемлекеттің көздеген мақсаты сол ма әлде бұл үлкен әлемдік қауымдастыққа кіру үшін жасалынып жатқан пиар акция ма деген секілді. Бірақ Қазақстан шын мәнінде бұл бағытты ұстанатынын, жалпы адамзат бейбітшілікті қалайтынын дәлелдеген болатын.

Қазақстан барлық серіктестермен ашық, тең және шынайы диалог орната білді. Тіпті қазіргі геосаяси қақтығыстар мен қиындықтарға қарамастан, бұл қасиеттерін жоғалтқан жоқ. Қазақстан бүгінде екі жүзге жуық мемлекетпен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан. 30 жылдан бері 130-дан астам ұлт өкілдерінің тату-тәтті өмір сүріп жатқаны да, сенімге септігін тигізіп отыр. Қазақстан Орталық Азияда әлем назарына іліккен географиялық сипаты бойынша ең ipi мемлекет ретінде танылған .

Динара СӘДУАҚАСОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚОҒАМДЫҚ САЯСАТ ИНСТИТУТЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

2011 жылы мемлекет "жасыл көпір" деген инциативамен шықты. Және барлық әлемдерді біздің осы экологиямызды сақтау мақсатында үндеу жасаған болатын. Және халықаралық мемлекеттер арасында біздің инциативамыз қолдауға ие болды. Осы Азия мемлекеттерінің арасында Қазақстан алдағы қатарда болған. Халықаралық аренада еліміздің абыройы барын көрсетеді.

Елімізде болып жатқан соңғы халықаралық ірі шаралар да осының айқын дәлелі. Сарапшылар себебі, мұнда күрделі мәселелер талқыланатынын мойындады. Айта кетейік, Тәуелсіздік жылдарында республикаға $50 млрд. көлемінде тікелей шетелдік инвестиция құйылған. Сондай-ақ, 2002 жылдың наурызында АҚШ Қазақстанға «нарықты экономикалы мемлекет» деген дәреже берді. Бұл республика жүргізген нарықтық реформалар жемісінің бір ғана белгісі.

Ә. Дүкембаева