Спорт Қазақстан
$443.72 €482.28 ₽4.9
×

Аймақтардағы кездесулерде жан-жақты проблемалар сараланды

AstanaTV
04.11.2022ж. 20:00
880
Аймақтардағы кездесулерде жан-жақты проблемалар сараланды

Президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев, республикалық сайлауалды штабында болды. Бүгінге дейінгі атқарылған үгіт-насихат жұмыстарын талқылады.

Үміткердің кездесулерінде жан-жақты проблемалар сараланды. Сондай-ақ, өңір-өңірдегі сайлаушылар тарапынан түскен қоңыраулар мен хаттар да ескеруісіз қалмады. Сұрақтардың басым бөлігі сайлауалды бағдарламаға қатысты, ұсыныстар да жоқ емес. Штаб өкілдері олардың әрқайсысына уақыт бөліп, мұқият зерделеп, тиісті жауаптарын беріп жатқанын алға тартады. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы өкілі Нұрлан Әуесбаев, бүгінге дейін елдің 6 аймағын аралап келді.

Мақсұт НАСИБУЛОВ, ПРЕЗИДЕНТТІККЕ КАНДИДАТ Н. ӘУЕСБАЕВТЫҢ СЕНІМДІ ӨКІЛІ:

Жалпы Қазақстан бойынша Нұрлан Әуесбаеаты қолдайтын 20 штаб бар аймақтарда. Олардың бәрі қарқынды, белсенді жұмыс істеп келе жатыр. Оның ішінде агитаторлар өздері агит материалдарын, парақшаларын таратып жатыр. Агит парақшаларын іліп болдық. Күніне әр филиалға 30 шақты қоңырау шалады, сонымен қатар хат келіп жатады, өтініштер келіп жатыр. Әртүрлі мәселелер көтеріліп жатыр.

Қ. Мерей